Сәуір айының 11–12 күндері Қызылорда қаласында жасөспірімдер арасында шахматтан (классика және блиц түрлері бойынша) қалалық жарыс өтті. Аталған жарыста мектебіміздің оқушылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
9 жас ұлдар санаты бойынша
Жұманазар Бекжан – IV орын, Алғыс хатпен марапатталды.
11 жас қыздар санаты бойынша
Зиналхабдин Ару – IV орын, Алғыс хат иегері.
Зиналхабдин Аякөз – ІІІ орын (блиц).
13 жас ұлдар санаты бойынша
Ақшүкір Алинұр – ІІІ орын (классика), ІІ орын (блиц).
Ералиев Арсен – ІІ орын (классика), І орын (блиц).
Ермұрат Абылайхан – І орын (классика).
Жеңімпаз және жүлдегер оқушыларымыз Жалағаш ауданында өтетін облыстық чемпионатқа жолдама алды.
Оқушыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!