Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бүгін Т. Есетов атындағы
№264 мектеп - лицейінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы Зейнолла Шүкіровтің өмірі мен шығармашылығына арналған, жазушы, журналист Толыбай Абылаев және режиссер, сценарист Оңталап Нұрмахановтың "Неге, жаным, шығарып сала алмадың?" атты лирикалық драмасы театрсүйер қауымға ұсынылды.
Спектакль желісінде сегіз жастағы бала Зейнолла атан түйеден құлап, беліне зақым келеді. Қос аяғы сал болып қалса да, ол өз бетінше білім алып, кітапқұмар бала саналады. Өмірге, өлеңге, өнерге деген құштарлық оны теңіздей терең ақынға айналдырды.
Режиссерлік шешімдермен жасалған азамат ақын Зейнолланың Мұқағали Мақатаев, Шәмші Қалдаяқовтармен кездесу сахналары шебер суреттелген. Оқиға барысында ақын, Әйкерім есімді қызға ғашық болады. Оның ішкі жан - дүниесі лирикалық әндермен қатар махаббат сюжеттерімен бейнеленеді.
Қойылымның негізгі идеясы - қоғамдағы шиеленістердің шешімін табу. Жастарды жігерлендіріп, өмірге деген құлшынысын арттыру да - қойылымның мақсат - мұраты. Аталмыш туындының режиссері - ақын, сценарист Оңталап Нұрмаханов Дүйсенәліұлы.
Мектебіміздің 8 «Г» сынып оқушысы Сармырзаев Ержігіт З. Шүкіровтің бала кезін ойнап, көрерменді өзіне сендіре білді. Спектальден оқушылар зор әсер, өмірлік сабақ алды.