Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәкей Есетов атындағы
№264 мектеп - лицейіндегі облыстық ресурстық орталық мамандарының ұйымдастыруымен «Баланың ойлау, жеткізу, баяндау тілінің бұзылысына ықпал ететін биологиялық - психологиялық факторлар» тақырыбын мамандарға арналған семинар - практикум өткізілді.
Іс - шараның мақсаты: мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінің дамуындағы ауытқулардың себептері мен түрлері туралы педагогтардың білімін жүйелеу және тереңдету.
Іс - шараның барысында: Семинар теориялық және практикалық кезеңдерге бөлінді. Теориялық кезеңде мамандарға сөйлеу тілі бұзылыстарының ішкі және сыртқы себептері, пренатальді, натальді, постнатальді кезеңдердегі ықпал ететін факторлары туралы презентация көрсетілді.
Практикалық кезеңде Блиц сұрақтар қойылып, тақырыпқа байланысты мәтінді сұрақтар таратылды.
Семинар соңында психологиялық суретті тесттер көрсетілді. Қорытындылау мақсатында кері байланыс рефлексия жүргізілді.