Сенің құқығың – сенің шекараң
2025–2026 оқу жылында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қаңтар айындағы «Заң және тәртіп» айлығы шеңберінде 2026 жылғы 21 қаңтар күні 10-сынып оқушыларымен «Сенің құқығың – сенің шекараң» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренингтің тақырыбы – «Сәтті қарым-қатынас». Іс-шараның мақсаты – оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту, қарым-қатынасты бұзатын әрекеттер туралы түсінік қалыптастыру.
Іс-шара барысында қарым-қатынас жасауда жіберілетін қателіктер талқыланып, практикалық жаттығулар ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізді.
Тренинг нәтижесінде оқушылар тәртіп бұзушылықтың негізгі себептерінің бірі – дұрыс емес қарым-қатынас екенін түсініп, тақырыптың өзектілігі айқындалды.