"Shadow Day – Дублер күні" жобасы аясындағы іс-шара 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" болып жариялануына орай, 2025 жылдың 1–15 қазан аралығында "Shadow Day – Дублер күні" жалпы республикалық жобасы аясында Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары ORDA GLASS шыны зауытына танымдық экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында оқушылар шыны зауытының жұмыс процесімен танысып, өндіріс саласындағы түрлі мамандықтардың маңызы мен ерекшеліктері туралы мол мағлұмат алды.
Іс-шара "Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен мектеп директорының бейінді жұмыстар жөніндегі орынбасары Жәнібекқызы Гүлнұрдың бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.
Мақсат – оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы түсінік беру және жұмысшы кәсіптердің қоғамдағы беделін арттыру.