Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейiнің Облыстық ресурстық орталығы маманы (педагог-ассистент) Шадаева Нұрбақыттың «Шебер қаламдар» тақырыбында жеке түзете-дамыту сабағы өткізілді.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мектеп ішіндегі қосымша білім беру орталығындағы сурет үйірмесіне үлкен қызығушылықпен қатысады. Сурет үйірмесіне қатысу — баланың шығармашылық қабілетін дамытуға, қоршаған ортаны тануына және өз ойын еркін жеткізуіне үлкен мүмкіндік береді. Үйірме барысында оқушының ұсақ қол моторикасы, зейіні, қиялы мен эстетикалық талғамы қалыптасады. Сурет салу арқылы ол эмоциясын бейнелеп, өзіне деген сенімділігін арттырады.
Мақсаты:
Оқушылардың сурет өнеріне деген қызығушылығын арттыру, қылқаламды дұрыс қолдану тәсілдерін үйрету, түстерді үйлестіре отырып шығармашылық қабілетін дамыту. Сонымен қатар оқушының өз ойын сурет арқылы еркін жеткізуіне жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
• Оқушы қылқаламды дұрыс ұстап, бояумен ұқыпты жұмыс жасауды меңгереді;
• Түстерді сәйкестендіріп қолдануды үйренеді;
• Сурет салу барысында өз қиялын еркін бейнелей алады;
• Шығармашылыққа деген қызығушылығы мен сенімділігі артады;
• Ұсақ қол моторикасы, зейіні, қиялы мен эстетикалық талғамы қалыптасады;