Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің облыстық ресурстық орталығының педагог - ассистенті Ерсейтова Индираның
"Сиқырлы әріптер" тақырыбында
жеке түзете - дамыту сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: өткен сабақтағы әріптерді қайталау, әріптерден сөз құрауға, сөздердегі түсіп қалған әріпті тауып қою, оқу және жазу сауаттылығын арттыру.
"Қай әріп екенін тап"
Мақсаты: берілген әріптердің арасынан кез - кезген әріптер аталады. Аталған әріптерді оқушы тура табуы керек. Берілген әріптердің барлығы солай аталады, оқушы табады, өзіде дауыстап атап шығады.. Оқушының зейін қойып қабылдауын арттыру.
"Сөздегі тиісті әріпті тап "
Мақсаты: көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөзді оқиды. Оқушының зейінін, оқу және жазу сауаттылығын арттыру.
Тыныс алу жаттығуы
Мақсаты: үрлеу арқылы, өкпе жұмысын жақсартуға, тыныс алу дағдысын қалыптастыру.
"Моншақтар "
Мақсаты:әріптер тізбегі берілген, тізбектегі әріптерді атайды, әріптерді байланыстыра отырып, сөз құрайды. Сөздердің астындағы жолақтарға жазады, сөзді дауыстап оқиды. Оқушының ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Қорытынды: оқушы әріптерді қайталайды, әріптерді байланыстыра отырып сөз құрайды, сөздерге тиісті әріпті тауып жазады, оқиды. Оқышының оқу және жазу сауаттылығын арттыра отырып, ойлау, есте сақтау, зейін қою, қабылдау әрекеттерін қалыптастырады.