Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің облыстық ресурстық орталық маманы (Педагог-ассистент) Ерсейтова Индираның "Сиқырлы сандар" тақырыбында түзете- дамыту сабағы өткізілді.   
Сабақтың мақсаты: оқушының математикалық сауаттылығын арттыру, тура санауға, аталған санды дұрыс табуға, суретті есептерді шығаруға оқушыны қалыптастыру. Оқушының зейінін шоғырландыру және белсенді қатысуын арттыру.
"Сана және санды тап" ойыны.
Мақсаты: суреттегі заттарды атайды, санайды және санды тауып қоршайды .
 "Сандық лабиринт" ойыны.
Мақсаты: санды тура санауға қалыптастыру, 1-30-ға дейінгі сандарды санай отырып, тура сызықтар сызуға дағдыландыру.
"Суретті есептер" ойыны.
Мақсаты: суреттегі заттарды атайды, санайды және санды жазады. Қосылғыштарды жазып, қосылғыштардың мәнін суреттегі заттарды санау арқылы табады.
Күтілетін нәтиже: Оқушының өз ойын анық айтуға, сандарды тура санауға қалыптастыру, бір таңбалы сандардымен есеп шығаруға дамыту. Сурет бойынша заттарды санау арқылы санды табуға  қалыптастыру.