SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON жобасынан грант!
2024 жылдың 25 қазан күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында «SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2024» облыстық IT жобалар хакатоны өткізілді.
Жүлде қоры: 1 500 000 теңге және 3 білім гранты. Бұл бәйгеге тіккен университет бітіруші түлектер үшін мол мүмкіндік сыйлады.
Хакатон 3 бағыт бойынша жобалар қабылдады. Оның ішінде «Модельдеу» бағыты бойынша Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 11 «Ә» сынып оқушысы Сейдалы Елжан қатысып, жеңімпаз атанды! Болашақ IT маманы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің грантын иеленді.
Жаңа оқу жылының алғашқы грантын алған Елжан барлық бітіруші түлектерге керемет құлшыныс берді.
Бұл жүлде жаңа серпіліс беріп, тың идеялар мен жобалардың бастауы болсын!