25 қазан – 1 қараша аралығында Алматы қаласында өткен
"VI Республикалық Қазақстан Мұғалімдері спартакиадасында" Сыр елінің ұстаздары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленді!
Спартакиада аясындағы волейбол ерлер жарысында Қызылорда облысының командасы
І орыннан көрініп, волейбол әйелдер командасы ІV орынға тұрақтаса,командалық есепте ІІ орын иеленіп,кубок пен қаржылай сыйлық алды.
Жүлдегер команданың ойыншылар құрамында Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Мүсілімов Бауыржан мен Жарылкасынова Акнур бақ сынасты.
Мүсілімов Бауыржан мен Жарылкасынова Акнурды және Сыр елінің спортшы ұстаздарын жетістіктерімен құттықтаймыз! Спорттағы жетістіктеріңіз жалғаса берсін!