Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы √264 мектеп - лицейінің ресурстық орталығының педагог - психолог маманы Имашева Салтанаттың "Станокта құмыра жасау" тақырыбында ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушыға жеке түзете - дамыту сабағы өткізілді.
Мақсаты:Баланың моторлық жүйесін, қол мен көздің үйлесімділігін, зейін ерекшеліктері мен қиял шығармашылығын дамыту және өзіне деген сенімділігін арттыру.
Түзете - дамыту сабағының барысы:
1) Сәлемдесу
2) Оқушының көңіл - күйіне назар аудару, жағымды ахуал туғызу.
Жаңа сабақты түсіндіру, оқушының назарын аударту.
Жаңа сабақ
1) Сабақ нейрогимнастикалық жаттығуларды орындаудан басталды.
2) Құмыра жасаудағы алғышарттар түсіндірілді.
а) Саз балшықты дайындау
ә) Құмыраны станокта жасау
3) Бірлесе отырып құмыра жасалынды.
4) Өткен сабақта жасалған құмыраға ою - өрнектер салынды.
Күтілетін нәтиже:
Құмыра жасау арқылы оқушының таным ерекшеліктері, қол - саусақ моторикасы,тепе - теңдік ұстауы мен қиял шығармашылығы дамиды.