Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 7 «Л» сыныбында «Ұстазбен оқыған бір кітап» тақырыбында сынып жетекшісі Сарсенбаева Эльмира Оразбайқызының ұйымдастыруымен мазмұнды сынып сағаты өтті.
Сынып сағаты барысында "Гауһартас" шығармасы талданып, туынды мазмұны жан-жақты сараланды. Дулат Исабеков қаламынан туған шығармадағы адамгершілік, адалдық, махаббат пен өмірлік қиындықтар тақырыбы кеңінен қозғалып, оқушылар кейіпкерлер іс-әрекетіне өз көзқарастарын білдірді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және рухани құндылықтарды насихаттау болды.