Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!
Қосымша білім беру орталығының үйірме мүшелері барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!
Ұстаз – шәкірт жүрегіне нұр құйып, арманға жетелейтін шамшырақ. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен шексіз қамқорлықтарыңыздың арқасында біз жаңа білім, тың тәжірибе, жарқын болашаққа сенім алдық.
Ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің жетістігімен әрдайым қуана беріңіздер!