Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Дені сау ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында дене шынықтыру және АӘТД пән бірлестігінің онкүндігі аясында, бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен, ұстаздар арасында мектепішілік тоғызқұмалақ жарысы ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты:
– бірлестіктің онкүндігін мазмұнды атап өту;
– бұқаралық спортты дамыту;
– ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
– қалалық, облыстық жарыстарға мектеп құрамасын жасақтау.
Аталған жарысқа мектебіміздің әкімшілігі мен орыс тілі, информатика, технология, бастауыш және дене шынықтыру пәні бірлестіктерінің ұстаздары қатысып, айналмалы жүйе бойынша өзара бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегер ұстаздарды мектеп әкімшілігі атынан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлназ Мырзалиева, директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Римма Абдукаримова және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Аягөз Далиева құттықтап,  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыстады.
Ұстаздарымыздың белсенділігі мен спортқа деген қызығушылығы – өскелең ұрпаққа үлгі!