Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұстаз – ұлттың шамшырағы, жас ұрпақтың жолбасшысы. Білім мен тәрбиенің қасиетті жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан ардақты ұстаздарымызға құрметіміз шексіз.

2024–2025 оқу жылының түлегі, бүгінде Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті атанған Бауыржанұлы Таир ұстаздар күні мерекесі қарсаңында өз ұстаздарына арнап жүрекжарды құттықтау видеосын жолдады.

Ұстаз еңбегін бағалап, білім мен тәрбиенің қадірін сезінген шәкірттің алғысы – әр ұстаз үшін үлкен қуаныш, ең қымбат сый. Шәкіртінің жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі. Таирдің ыстық ықыласы барша ұстаздарға арналған мерекелік тарту болып, әр жүректі шаттыққа бөледі.

Осы орайда барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің биік жетістіктерімен әрдайым қуана берулеріңізді тілейміз!