«STEM Day» аясындағы роботтар шеруі өтті.
Информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 24 сәуір күні «STEM Day» аясындағы роботтар шеруі жоғары деңгейде өткізілді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың робототехника саласына деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық және инженерлік ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ STEM бағытының маңыздылығын кеңінен насихаттау болды.
Шеру барысында оқушылар өздерінің тың жобаларын ұсынып, заманауи технологиялар негізінде құрастырылған роботтарын таныстырды. Әрбір жоба – оқушының ізденісі мен еңбегінің нәтижесі екені анық көрінді. Қатысушылар инновациялық идеяларымен бөлісіп, техникалық мүмкіндіктерін көрсетіп, көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Іс-шара жас ұрпақтың ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың болашақта осы бағытта дамуына үлкен серпін берді.