Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Т. Есетов атындағы №264 мектеп - лицейiнің облыстық ресурстық орталық маманы (педагог - ассистент) Шадаева Нұрбақыттың "Сурет терапиясы" тақырыбында жеке түзете - дамыту сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі емес суретпен жұмыс. Оқушының шығармашылығын, ұсақ қол моторикасын дамыту. Сурет салудың дәстүрлі емес әдістерін қолдана отырып, зейін тұрақтылығын арттыру, шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту
Түзете дамыту жұмысының барысы.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушының көңiл күйiн сұрау.
3. Жаңа сабаққа назарын аудару, түсiндiру, көрсету
Жаңа сабақ.
1. Мақта таяқшаларымен сурет салу.
Нұсқау: Мазасыздықты, шаршауды, жағымсыз эмоционалдық күйлерді басуға, зейінін дамытуға ықпал жасайды.
2. Шармен гүлдер салу.
Нұсқау: Оқушының ұсақ қол моторикасын, зейінін дамытады, шыдамдылығын арттырады.
3. Саусақпен сурет салу.
Нұсқау: Оқушының қиял шығармашылығын дамыту, негізгі түстерді пайдаланып суреттер салу, сөйлеуді дамытуға ықпал етеді.
4. Шыныға бейне түсіру.
Нұсқау: Балалардың байқағыштығын, қоршаған өмірден алған әсерлері негізінде бейнелерді жеткізе білуін дамытуға, қуаныш сезімін оятуға көмектеседі.
Сергіту сәті: «Түстерді тап» жаттығуы
Нұсқау: Негізгі түстерді қолдана отырып оқушының зейін тұрақтылығын, есте сақтауын дамыту.
Педагог - ассистент қандай түсті көрсетсе, оқушы жерде жатқан дәл сол түстегі дөңгелекшені секіріп барып басуы керек. Осылай негізгі түстерді кезек кезек көрсетіп шатастыру арқылы оқушының зейін тұрақтылығын байқайды.
Күтілетін нәтиже:
Сурет салудың дәстүрлі емес әдістерін қолдана отырып оқушының көңіл - күйі жақсарады, эмоционалдық күйзеліс, агрессивтілік, алаңдаушылық төмендейді ұсақ қол моторикасы, есте сақтау, зейін тұрақтылығы дамиды, сурет салу арқылы қиял шығармашылығы артады.