Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және оның қоғамға тигізетін әсері» атты эссе жазу жұмысы
2026 жылғы 30 қаңтар күні Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 7 «Ә» және 7 «И» сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және оның қоғамға тигізетін әсері» тақырыбында эссе жазу жұмысы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Утебаева Дина Айтмұхамбетқызының жетекшілігімен өткізілді.
Эссе жазу барысында оқушылар тақырыпты ашып, өз ой-пікірлерін дәлелді түрде еркін жеткізді. Сонымен қатар, олардың сыни ойлау дағдылары мен азаматтық ұстанымдары байқалды.
Нәтижесінде оқушылар сыбайлас жемқорлық ұғымының мәнін түсіндіріп, оның қоғам дамуына тигізетін теріс әсерін талдады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жеке азаматтық ұстаным қалыптасып, қоғамдағы әділдік қағидаттарын сақтау қажеттілігі жөніндегі түсініктері кеңейді