СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ
#bilimkzo
#264мектеп_лицей
#біртұтастәрбие
#Адал_ұрпақ
9 желтоқсан күні «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне » орай, 11 «Г» сыныбында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүгіннен басталады» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Сабақ мақсаты:
* жемқорлықтың қоғамға тигізетін әсерін ұғындыру;
* адалдық, әділдік, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу;
* азаматтық позициясы айқын, қоғамға пайда тигіге алатын тұлға қалыптастыру.
Сабақ барысында сынып жетекшісі С.Сәтова «Сыбайлас жемқорлық деген не?» деген сұрақ төңірегінде түсінік беріп, тақырыпқа қатысты әлеуметтік ролик көрсетті.
Негізгі бөлімде оқушылар ЖИ көмегімен постер жазып, топта жемқорлықтың түрлері, салдары жайлы талқылады.
Келесі кезекте құқық пәнін таңдап отырған оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қатысты елімізде қабылданған Заңдарды таныстырды.
Сабақ соңында «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы не істей аламын?» деген тақырыпта өз ойларымен бөлісті. Оқушылар сабақтан жақсы әсер алып, өз елінің адал азаматы болуға уәде берді.