Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай 5 «А» сыныбында «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Сабақтың мақсаты:
• оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қарапайым өмірдегі көріністерін түсіндіру;
• адалдық пен әділдіктің маңызын ұғындыру;
• дұрыс таңдау жасай білу дағдыларын қалыптастыру;

Сынып жетекшісі Жомарт Эльдана оқушыларға арнайы бейнероликтер көрсетіп, ЖИ арқылы тақырыпты меңгертетін тиімді тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді қолданды. Сабақ барысында оқушылар әділеттілік пен адалдықты күнделікті өмірдегі нақты мысалдар арқылы талдап, өз шешімдерін дәлелдеуге мүмкіндік алды.

Тәрбие сағаты оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға, әрбір таңдауында әділдік пен адалдықты басты құндылық ретінде ұстануға ықпал етті.