Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бүгіннен басталады
09.12.2025 жылы 11 “З” сыныбында сынып жетекшісі Шинтасова Гүлсамалдың ұйымдастыруымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бүгіннен басталады” атты тәрбие сағаты өтті.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың мәнін түсіндіру, оның қоғамға, мемлекетке және адам өміріне тигізетін зиянын нақты мысалдар арқылы көрсету. Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты арттырып, әділдікке, адалдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Оқушылар топтық, жұптық және жеке жұмыстарды белсенді әрі сауатты орындап, өз ой-пікірлерін білдірді. Сабақ соңында адалдық пен парасаттылық құндылықтарын жас кезден қалыптастырудың маңызын түсінгендерін айтты.
Жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, отбасы, мектеп және бүкіл қоғамның ортақ міндеті.