Тәкей Есетов атындағы N264 мектеп - лицей базасының 4”Е” сыныбында 20 ақпан күні “Сапархан Бегалин. Қырдың жас түлегі” тақырыбында сыныптан тыс ашық сабақ өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды Шоқан бейнесімен таныстыру, автордың негізгі
идеясын ашуға жағдай жасау, шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сейлеуін, шығармашылық
ойлауын дамыту болып табылады.
Сабақ басында оқушылар мәтінмен танысып, тізбектей оқыды. Мәтіндегі қанатты сөздердің мән - мағынасын ашып, түсінік берілді. Сұрақ құрастыру арқылы шолу жасалды.
Бала Шоқанға арналған шығарманы оқыған баланың көкірегіне ұлы тұлғаның жас кезіндегі мейірімді, достыққа адал бейнесі ұялап, Шоқан туралы алғашқы түсінік қалыптасты. Бұл − жас ұрпаққа тарихи тұлғаларды таныту жолында үлгі боларлық өнеге.