Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СЫР ЛИГАСЫНА ЖОЛДАМА

Ә. Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде жалпы білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушылары арасында Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған "Ұлттық құндылықтар және мәдени мұра" тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

Нәтижесінде №264 мектеп-лицейінің "Есетов жастары" фракциясы жүлделі ІІ орынды иеленіп, облыстық Сыр лигасына жолдама алды. Фракция мүшесі Махсұт Еңлік "Үздік спикер" номинациясына лайық деп танылды!

Жас дебатшылардың жетекшісі Бурабаева Фаризаны және клуб мүшелерін құттықтап, алдағы кезеңдерден тек сәттілік күтеміз. Жарқын жаңалықтарымыз көп болсын!