«Сыр зияткері» – зияткер жастардың жарқын додасы
Қызылорда облыстық тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында өткен «Сыр зияткері» облыстық турнирі жоғары деңгейде өтті. Аталған зияткерлік сайысқа облыс аудандары мен қала мектептерінен 100-ге жуық ұл балалар мен қыз балалар қатысып, 7 тур бойынша жекелей ойындарда өзара бақ сынасты.
Турнир қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары жоғары дайындық пен зияткерлік шеберліктерін дәлелдеп, жүлделі орындарға ие болды:
15 жас санаты І орын – Алмасбек Нұрислам
ІІІ орын – Туркменбаева Фатима
13 жас санаты ІІ орын – Ермұрат Абылайхан
11 жас санаты ІІ орын – Ералиев Арсен
ІІІ орын – Ақшүкір Алинұр
Сонымен қатар, турнирге белсене қатысып, зияткерлік ойынға қызығушылық танытқан оқушыларға Алғыс хаттар табысталды:
Құрманбай Інжу, Мәдібек Медина, Маманбай Нұралыхан, Жұманазар Бекжан, Әлібек Ғизат.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, диплом және арнайы қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Оқушыларды байқауға дайындап, бағыт-бағдар берген жетекшісі – Рзаев Бексұлтанға алғыс білдіреміз.
Жеңістеріңіз құтты болсын!