Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі обылыстық ресурстық орталығының педагог-психолог Имашева С, Искакова Ж, Асенова А мамандарының жетекшілігімен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Педагогика және психология» мамандығының диплом алды практикадан өтуші 4-курс студенттері Махаббат Аружан және Әмит Арайлыммен қаңтар-сәуір айлары аралығында теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жұмыстарды қорытындылау мақсатында «Тәжірибе мен дағдыны дамыту» апталығы өткізілді. 

Аптаның бірінші күнінде психодиагностика жүргізу жолдары қарастырылды. Әртүрлі диагностикалық әдістемелермен танысып, оларды қолдану және нәтижесіне сәйкес түзете-дамыту бағдарламасын әзірлеуді үйренді.

Аптаның екінші күнінде тақырыптық күнтізбелік жоспар құру және қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) жазу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Аптаның үшінші күнінде жеке және топтық түзете-дамыту сабақтарын өткізіп, тәжірибе жинақтады. Сабақ барысында оқушылармен жұмыс жүргізу дағдылары қалыптастырылды.

Аптаның төртінші күнінде оқушылармен бірге танымдық және тәрбиелік мәні бар кино көрсетіліп, кейін талқылау ұйымдастырылды. Бұл жұмыс оқушылардың ойлау, талдау және пікір білдіру қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Аптаның бесінші күнінде ресурстық орталық мамандарына арналған интеллектуалдық «Brain Rain» тренингі ұйымдастырылды.Тренинг барысында логикалық ойлау, зейін және ұжымның топтық өзара әрекет ету дағдылары дамытылды.

Қорытындылау:

Апта барысында студент- практиканттар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби құзыреттіліктерін арттырды. Жүргізілген жұмыстар олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына оң әсер етті деген ойдамыз.

{gallery}it4/34{/gallery}