Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Біз комиссия мүшелері 05.02.2025 жылы мектеп - лицейдегі асхана жұмысының және балалардың тамақтануының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау мақсатында, бракераждық комиссия мүшелері бірлесіп, асхана жұмсына жан - жақты талдау жүргізілді.
Тамақтандырудың ұйымдастырылуын қадағалау және бракераждық комиссиясы өз қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы №598 бұйрығының 112 тармағына сәйкес және «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ - 16 бұйрықтарын басшылыққа алады.
Тексеріс барысында асхана блогы іші таза, кең, жарық. Объектінің қолданыстағы талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық - эпидемиологиялық қорытынды бар. Асхана қызметкерлерімен еңбек шартын жасасқан, арнайы киімдері бар. Тоңазытқыштар мен ас әзірлеу блогының тазалығы және қоймалар, азық - түліктерді сапалы пайдалану және олардың сақталу мерзімі, тамақтың сапасы қаралды. Тамақтың сапасы жақсы, ас мәзірінде көрсетілген тағамдар дайындалған. Күнделікті ас мәзірі бекітілген. Ас мәзірінің дұрыс құрылуы нормаға сәйкестігі, асхананың тазалығы, таңбасы бар өндірістік үстелдер және асхана ыдыстары түгелдей тексерілді. Күнделікті тәуліктік сынамасы арнайы тоңазытқышта сақталған. Еркін мәзірге арналып бекітілген прайс тізімі бар. Асхана қызметкерлерінің медициналық кітапшалары бар уақытылы өткен. Ыдыстар таза жуылған, сынық, жарық ыдыстар жоқ.
Осы шаралар балаларға сапалы және денсаулыққа пайдалы тамақтануды қамтамасыз ету үшін жүргізілді.
Анықтама жазған комиссия мүшелері:
Комиссия төрағасы: Мектеп - лицей директоры Б.С.Тумурзаев
Комиссия мүшелері:
Р. Ысқақова - қамқоршылық кеңес мүшесі;
Н.Дуйсебекова- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
Г.Киымов - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
У.Маденова - бастауыш сыныптар бойынша оқу - ісі жөніндегі орынбасары;
М.Абдуллаева - мектеп әлеуметтік педагогі;
З.Абасилова - мектеп медбикесі;
Г.Манабаева - ата - аналар комитетінің мүшесі;
Г.Танибаева - шаруашылық меңгерушісі