Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 2026жылдың 12-30 қаңтар күндері өткізілетін «Ашық сабақтар» сериясы аясында ұйымдастырылған іс-шараға инклюзивті біліммен қамтылатын оқушылар мен ата-аналары, пән мұғалімдері мен арнайы мамандардың бірлескен ашық есік күні өткізілді.Ашық есік күнін 2026 жылдың 14 қаңтар күні ресурстық орталықтың логопед мамандары ашты. Ашық есік күнінде логопед мамандар ата-аналарға логопедиялық көмектің маңызын түсіндіру, жүргізілетін түзету жұмыстарының мазмұнымен таныстыру және балалардың оқу-тәрбиелік жетістіктерін көрсету мақсатында түзету сабақтарын өткізді.Сабақтар барысында логомассаж, тыныс алу жаттығулары, артикуляциялық гимнастика, зейін мен естіп қабылдауды дамытуға арналған тапсырмалар, сондай-ақ нейрожаттығулар қолданылды. Сонымен қатар «Р» дыбысын қоюға бағытталған арнайы әдіс-тәсілдер көрсетілді.
15 қаңтар күні арнайы дефектолог мамандар «Қозғалыс арқылы даму: таным, оқу, жазу және математикалық сауаттылықты қалыптастыру»тақырыбында ашық есік күнін жалғастырды. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға баланың дамуын кешенді қолдаудың маңызын түсіндіру және үй жағдайында қолдануға болатын тиімді, қарапайым әдіс-тәсілдермен бөлісу.Сабақтар барысында EduQuest платформасындағы интерактивті тапсырмалар, түрлі- түсті доптар, геометриялық пішіндер, әріптер мен сандар жазылған карточкалар, лабиринттер мен нүктелі тапсырмалар қолданылды. Кері байланыс смайлик карточкалар арқылы ұйымдастырылып, ата-аналар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер алынды.
16 қаңтарда психолог мамандар ұйымдастырған «Баланың тұтас дамуы:сезім,қимыл,ой,эмоция» тақырыбындағы сабақтарында балалардың ойлау қабілетін, зейінін, есте сақтауын және қабылдау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар орындалды.Сенсорлық, моторлық, эмоционалдық және танымдық дамуға бағытталған тиімді арт-терапиялық әдіс бойынша құм және сазбалшықпен дамыту сабақтары жүргізілді. Сабақ барысында көпкешенді Куб РАС жиынтығы,Виэл үстелі, қыш станогі,интерактивті тақта сияқты құрал-жабдықтар пайдаланылды.
19 қаңтар күнгі «Бала дамуына бірге үлес қосайық» тақырыбындағы ашық есік күнінің жалғасында педагог-ассистенттер оқушылар үшін қызықты әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – балаға жан-жақтылықпен қолайлы жағдай жасауда ата- ана мен білім беру ұйымының өзара ынтымақтастығын нығайту, ата- аналарды оқыту үрдісіне белсенді тарту, педагогикалық тәжірибе алмасу арқылы бала дамуына бірлесіп үлес қосу.
«Инклюзивті білім беруді дамытудың округтері» жобасы аясында жаңадан алынған заманауи құрылғылардың тиімділігі де ашық есік күнінде қолданылып, талқыланды.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға арналған іс-шаралар мен қолдаулар жалғасын таба бермек.