Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушылармен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара 2026 жылғы 27 сәуір күні 7-сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Шараға Қызылорда станциясындағы КПб ӘПб аға инспекторы, полиция аға лейтенанты С. Асанов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Қиымов және 7-сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында полиция аға лейтенанты С. Асанов қылмыс ұғымына жан-жақты тоқталып, оның құқық бұзушылықтың бір түрі екенін түсіндірді. Сонымен қатар қылмыстың қоғамға қауіптілігі, құқыққа қайшылығы, кінәлілік және жазаланушылық сияқты негізгі белгілері кеңінен айтылды. Сондай-ақ қылмыстың әрекет немесе әрекетсіздік арқылы жасалатыны да атап өтілді.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіру.