Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернет кеңістігіндегі қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында маңызды тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
2026 жылғы 28 сәуір күні мектебінде 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Қауіпсіз интернет – қауіпсіз өмір!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға жауапты мұғалім – Ахметова Фарида.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – оқушылардың интернеттегі қауіпсіздік туралы білімін кеңейту, әлеуметтік желілерде жеке деректерді қорғау мәдениетін қалыптастыру және онлайн ортада жауапты мінез-құлық дағдыларын дамыту болды.
І
с-шара мазмұнды әрі жүйелі түрде үш бөлім бойынша өткізілді:
«Мен және Интернет» бөлімінде оқушылар интернеттің күнделікті өмірдегі рөлі туралы баяндама тыңдап, өзара пікір алмасты.
Әлеуметтік желідегі жеке деректер қауіпсіздігі және мәдениет» бөлімінде жеке ақпаратты қорғау жолдары талқыланып, маңызды мәліметтер ұсынылды.
«Интернет сенің өміріңде қандай орын алады?» бөлімінде оқушылар постер қорғап, өз көзқарастарын ашық жеткізді.