Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің облыстық ресурстық орталық маманы (Педагог-ассистент) Ашимова Гүлбанудың "Ойнайық және есте сақтайық" тақырыбында түзете- дамыту сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
• Қысқа мерзімді көру және сөздік есте сақтау қабілетін дамыту
• Зейінді тұрақтандыру
• Ақпаратты қабылдау және қайта жаңғырту дағдыларын қалыптастыру
• Түстерді, сандарды, пішіндерді есте сақтауға үйрету
1-ойын: «Есте сақта да, тап!» (Сандар мен фигуралар)
Шарты: Оқушы 5–7 сан немесе фигураны 20–30 секунд қарап есте сақтайды. Мұғалім оларды жасырады. Оқушы есте қалған элементтерді айтады.
Нұсқауы: «Мұқият қара. Есте сақта. Мен жасырғаннан кейін не көргеніңді айт.»
Мақсаты: Көру жадысын, зейінді, логикалық ойлауды дамыту.
2-ойын: «Сөздерді есте сақта»
Шарты: 5–8 сөз беріледі. Оқушы 30 секунд қарап оқиды. Сөздер жасырылады. Оқушы есте қалған сөздерді жазады.
Нұсқауы: «Берілген сөздерді мұқият оқы. Есте сақта. Мен жасырған соң есіңде қалған сөздерді жаз.»
Мақсаты: Сөздік есте сақтауын және жазу дағдысын дамыту.
3-ойын: «Түстерді есіңе сақта»
Шарты: Түрлі түсті шарлар немесе сурет көрсетіледі. Оқушы 30 секунд қарап есте сақтайды. Сурет жасырылады. Оқушы түстерді дәл сол ретпен орналастырады.
Нұсқауы: «Түстердің орналасуын мұқият қара. Есте сақта. Енді сол түстерді дәл солай орналастыр.»
Мақсаты: Көру жадысын, түстерді ажырату қабілетін, кеңістіктік ойлауды дамыту.
4-ойын: «Не жасырынды?» Платформамен жұмыс
Нұсқау: «Көрсетілген жануарларды есіңе сақта, жасырынған жануарды ата»
Мақсаты: Зейінін, есте сақтау дағдысын дамыту
5-ойын: «Қызықты математика» Edu Quest кешені
Нұсқау: «сСанды есіңе сақта және санға сәйкес заттардың орнын тап»
Мақсаты: Зейінін, есте сақтау дағдысын дамыту
Күтілетін нәтиже:
• 5–7 элементті есте сақтай алады
• Берілген сөздердің 60–70%-ын дұрыс жазады
• Түстер мен пішіндерді дұрыс ажыратады
• Тапсырманы соңына дейін орындайды