Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ресурстық орталығының педагог-дефектологы
Ибрагим Гүлназ Асылбекқызының ата-аналарға кеңесі

Үй жағдайында баланың қимыл-қозғалысын, сенсорлық және танымдық дамуын қолдау жолдары
Ата-ананың күнделікті өмірде баламен бірге аз ғана уақыт бөліп, қарапайым жаттығулар жасау — баланың жүйке жүйесін, тепе-теңдігін, назарын және үйлесімді қозғалысын дамытуға зор әсер етеді.
Төменде үйде оңай ұйымдастыруға болатын 3 пайдалы АФК жаттығуы берілген 

Сенсорлық жолмен жүру
Мақсаты: табан бұлшықеттерін белсендіру, тепе-теңдікті сақтау, сезімталдықты дамыту.
Пайдасы: баланың қимыл үйлесімділігі мен жүйке жүйесі дамиды, аяқтағы нүктелер арқылы жалпы денсаулық жақсарады.

Үй жағдайында: түрлі фактуралы заттар (массаж кілемшесі, сүлгі, құм, бұршақ салынған пакет) үстімен жалаңаяқ жүруді ұйымдастырыңыз.

Кедергіден өту және шеңбермен қозғалу жаттығуы
Мақсаты: кеңістікте бағдарлау, қозғалыс бағытын сақтау, назарды шоғырландыру.
Пайдасы: балада өз әрекетін жоспарлау, нұсқауды тыңдау және орындау дағдысы қалыптасады.
Үй жағдайында: бос бөтелке, орындық, шеңбер, жұмсақ ойыншықтарды пайдаланып, “кедергілер жолын” жасаңыз. Баладан секіріп өту, айналып өту сияқты тапсырмалар беріңіз.

Таяқшалар арасымен жүру
Мақсаты: қозғалыс үйлесімділігін, дене бақылауын, көз-қол координациясын дамыту.
Пайдасы: екі жарты шардың жұмысы теңесіп, балада оқу және сөйлеу қабілеттері дамиды.
Үй жағдайында: еденге сызық салып немесе таяқ қойып, тура жүру ойынын ойнаңыз. “Жолдан шықпа!”, “тең ұстап өт!” сияқты қызықты нұсқаулар беріңіз.
Жалпы пайдасы:
Денсаулықты нығайтады
Қозғалыс және моторика дамиды
Сенсорлық қабылдау артады
Өзін-өзі бағалау мен сенімділік қалыптасады
Эмоциялық көңіл-күй жақсарады

Кеңес:
Күніне бар болғаны 10–15 минут балаңызбен бірге қозғалыс жаттығуларын орындау — оның дамуына зор үлес қосады.
Ең бастысы - қимыл арқылы қуаныш пен байланыс орнату!