Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ресурстық орталығының педагог-логопед маманы Тортбаева Шакарбану Айдарбекқызының ата-аналарға үй  жағдайында оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға арналған логопедиялық нүктелі массаждар ұсынылды. 

Логопедиялық массаждың мақсаты: Сөйлеу қабілетін,зейінін жақсартуға,тыныс алу жүйесіне,табиғи даму тетіктері арқылы қалыптастыру.

1. Қадам. Арнайы майды пайдалана отырып,саусақтары мызды қастың арасынан жоғары қарай жүргіземіз,жиырылған бұлшық еттерінің тартылуына көмегі зор,ми қызметін белсендіреді,барлық қимылдарды 3-5 минуттан орындалады.

2. Қадам. Қастың арасынан самайға қарай уқалау,бұл қан айналымды жақсартады,тыныс алу жүйесі жұмысын күшейтеді.

3. Қадам. Мұрынды шеңбер бойымен уқалаймыз,бұл баланың жеңіл тыныс алуына көмектеседі.Одан кейін мұрын қанаттарының жанындағы нүктелерге әсер етеді.Бұл массаж тұмау кезінде өте пайдалы,әрі зейінді арттырады.

4. Қадам. Самай мен құлақты жеңіл уқалау арқылы,баланың,жүйке жүйесін қайта жүктеуге әсері зор,қан айналымын жақсартады.

5.Қадам. Құлақ ұшын уқалау,екі қолымен жоғары қарай тарту,құлақ сырғалығынан уқалау арқылы,төмен қарай жеңіл тарту,құлақ қалқанын айналдыра уқалау,саусақтардың ұшымен дөңгелете сипау,құлақты алға-артқа жұмсақ қимылмен қозғалту,массаж арқылы,құлақ артына,мойынға жақын нүктелі ойықты жеңіл басып уқалау.

6.Қадам. Баланың екі тілі бар екенін білесіз бе?
Біріншісі тілі болса,екіншісі қол саусақтарының ұшында.
Саусақ ұшына массаж жасау арқылы,бала тілінің дамуына,ми  қызметінің белсенділігін арттырады.
Ұсақ массждар арқылы,төменнен жоғары қарай уқалап және арасында шымшып,қолды ашып,жұмып күнделікті дамытып отыру қажет.