Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ресурстық орталығының педагог-психолог маманы Имашева Салтанат Балғабайқызының ата-аналарға үй жағдайында баланың танымдық деңгейін арттыруға ұсынылған қарапайым ойын-жаттығулары.

Кеңес берудің мақсаты: ойын-жаттығулар арқылы баланың коммуникативті дағдыларын дамыту, түсінік қалыптастыруға және танымдық деңгейін арттыруға ықпал жасау.

1. «Қимылды қайтала» ойыны
Мақсаты: қимыл ептілігін, көріп есте сақтауы мен зейін ерекшеліктерін дамыту.
Нұсқау: Қимыл жасап көрсетіңіз: секіру, алақан соғу, еңкею, отырып тұру т.с.с
Бала сол қимылдарды зейін қойып қарап алып, реттілігімен есте сақтап қайталауы керек.

2. «Кім жылдам табады» ойыны
Мақсаты:зейін ерекшеліктерін дамыту.
Нұсқау: үй ішінен бір затты сипаттап айтасыз (мысалы: қызыл түсті ,дөңгелек, ас үйде болады) Бала сипаттаған затты тауып беру керек.

3.Ұсақ моториканы дамыту жаттығулары.
Мақсаты: қол мен қөздің үйлесімділігі мен қол-саусақтарының ептілігін дамыту.
Нұсқау:үлкен моншақтарды жіпке тізу, түймелерді ашып-жабу, киім қыстырғыштарды қыстыру, мозаикалардан сурет құрау сияқты жаттығуларды үй жағдайында орындау.

4.«Джаспер» терапиясының ойын элементтері
Мақсаты:ойын арқылы баланың коммуникативті дағдыларын дамыту және түсінік қалыптастыруы мен сөйлеу тілін арттыру.

Қазіргі таңда баланың сөйлеу тілі мен коммуникативті дағдыларын арттыру мақсатында  «Джаспер» терапиясы кеңінен қолданылады.Мен сіздерге осы терапияның элементтерін үй жағдайында ойнауға кеңес беремін.

Мысалы: ойыншыққа тамақ беру,қуыршақтың шашын тарау,ойыншықтың ата-анасының ролінде  болу  немесе балаға отбасы мүшелерінің , ертегі кейіпкерлерінің суреттері беріліп, сол суреттерге бала өзіне қажетті  іс-әрекеттерді орындау немесе балаға «Дүкен», «Аспаз», «Мұғалім», «Дәрігер» сияқты рольдік ойындар ұсыну қажет.

Балаға ойындарды қызықты, әрі қысқа уақытта беруге тырысыңыз (5-10 минуттан бастап).
Тапсырмалар баланың қабілетіне сай жасалып, күнделікті тапсырманың қиындығы біртіндеп артқаны жөн.
Мадақтау сөздерді жиі пайдаланыңыз («Жарайсың», «Керемет», «Сенің қолыңнан бәрі келеді!»)

Жоғарыда ұсынған ойын-жаттығуларды үй жағдайында балаларға ойнату немесе бірге ойнау баланың танымдық деңгейінің  дамуына,эмоционалды ахуалының жақсаруына,түсінік қалыптасу мен коммуникативті дағдыларының артуына зор ықпалын тигізеді.