Тәкей Есетов атындағы № 264 мектеп-лицейінің ресурстық орталық мамандарының ұйымдастыруымен 1-4 сынып аралығында ата-аналарға ашық есік күні өткізілді.
Психолог мамандарының 1-тоқсанда жоспарлаған жұмыстары, баланың эмоциялық,танымдық,әлеуметтік бейімделуін қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижелері көрсетілді.
Арнайы маман Болтай Мадинаның жұмыс түрлерімен таныстырылып, көрсетілді.
Мақсаты:
• Балалардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, түзету-дамыту жұмыстарының нәтижелерімен ата-аналарды таныстыру;
• Ата-аналардың бала дамуына деген жауапкершілігін арттыру және үй жағдайында түзету жұмыстарын жалғастыруға бағыт беру;
• Дефектолог пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы баланың оқу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
1. Оқушылардың сөйлеу, танымдық, ұсақ және ірі моторика, назар, есте сақтау, ойлау дағдыларындағы даму динамикасын талдау;
2. Түзету-дамыту сабақтарының мазмұны мен тиімді әдістері туралы ата-аналарға түсінік беру;
3. Баланың жеке жетістіктерін көрсету және қолдау тәсілдерін талқылау;
4. Үй жағдайында ата-аналар қолдана алатын қарапайым жаттығулар мен ойындар ұсыну;
5. Баланың эмоциялық және әлеуметтік бейімделуін жақсартуға арналған ұсыныстар беру;
6. Ата-аналарды түзету-педагогикалық процеске белсенді қатысуға ынталандыру.
Педагог-логопед Тортбаева Шакарбанудың “Сөйлеу тілі жалпы дамымаған оқушылармен жүргізілетін түзете
-дамыту бағдарламасы” бойынша жұмыстарымен таныстырылды.
Мақсаты: Сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің (дыбыстық,лексикалық,грамматикалық,байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру,қарым-қатынас дағдыларын дамыту)
Міндеттері:
- Фонематикалық есту қабілетін дамыту;
- Артикуляциялық аппаратын жаттықтыру;
- Сөздік қорын байыту;
- Сөйлем құрастыруды үйрету;
Педагог-ассистент Ашимова Гүлбанудың "Баланы қолдау-ортақ міндетіміз" тақырыбында жұмыс түрлерімен таныстырылды.
Мақсаты: 1.Педагог- ассистенттің қолдау бағдарламасы туралы ақпарат беру
2.Баланың оқу үдерісі, нәтижелерімен бөлісу
3.Үй жағдайында баламен орындауға болатын ата-аналарға кеңестер
4."Мен балама қалай көмектесемін" (ата-аналар өз тәжірбие, пікірлерімен бөліседі)
Педагог-ассистент Ибраева Алёнаның “Ойын арқылы ерекше баланың дамуы” атты тақырыбында таныстыру жұмыстары жүргізіліп, таныстырылды.
Мақсаты:
- Ойынның бала дамуына әсер етуі
- Ерекше қажеттіліктері бар балаларға ойын арқылы көмек беру жолдары
- Ата-ананың белсенді қатысуының маңыздылығы
Педагог-ассистент Балшынова Маншуктің "Ата-анамен бірлесе қолдау көрсету жолдары" тақырыбында жұмыстар көрсетілді.
Мақсаты:
Бала тәрбиесі мен дамуының тиімділігін арттыру мақсатында ата-анамен бірлесе жұмыс жүргізу, өзара түсіністік пен ынтымақтастық орнатып баланың жеке ерекшеліктерін ескеріп жан-жақты қолдау көрсету.
Педагог-ассистент Қуанбаева Майраның “Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту” барысында кенес берілді.
Мақсаты: ата-аналарға үй жағдайында оқушының танымдық қабілеттерін, соның ішінде есте сақтау қабілеттерін дамыту жайында кеңес беру, тәжірибемен бөлісу.
Барысы:
І. Суреттерді сәйкестендіру, суреттердің жұбын табу;
ІІ. Түрлі-түсті тізбектер.
ІІІ. Заттардың құнын тап. Әртүрлі заттар беріледі, әр затқа белгіленген қаражатты бөліп, сол заттың құнын шатаспай табу;
ІV. Көңілді тізбек.
Қорыта айтқанда, оқушының танымдық қабілеттерін дамыту. Тапсырмаларды ойын түрінде ұсыну. Өз ойын сұрау арқылы, сөздік қорын молайту.
Кеңес соңында ата-аналармен кері байланыс жүргізіліп, ұсыныс пікірлерін жазбаша түрде жазып қалдырды.
