Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде мектептің өзін-өзі басқару ұйымының - Мектеп парламентінің 2025 жылдың 2 желтоқсан күні жаңадан сайланған парламент мүшелерін ресми түрде таныстыру және марапаттау рәсімі өткізілді.

Іс-шара барысында:
 • Сайлау нәтижесі бойынша анықталған мектеп президенті,
 • Вице-президент,
 • Парламенттің сектор жетекшілері
салтанатты түрде таныстырылып, оларға арнайы төсбелгілер тағылды және марапаттау қағаздары табысталды.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың көшбасшылық қасиетін дамытуға, мектепішілік өзін-өзі басқару жұмысының беделін арттыруға бағытталды. Барлық сайланған мүшелерге өз міндеттерін жауапкершілікпен атқару тапсырылды.

Осы анықтама мектеп парламентінің жаңа құрамын марапаттау және төсбелгі тағу рәсімінің өткізілгенін растау үшін берілді

Сайлау қорытындысы бойынша:
Мектеп президенті – 9 «Г» сынып оқушысы Сармырзаев Ержігіт
Вице-президент – 10 «З» сынып оқушысы Абдужаппар Аружан
Зұлпыхар Нұрзинат - президент көмекшісі
Тасболат Мирас – оқу және білім министрі
Ғалымжанұлы Мадияр – спорт және салауатты өмір фракциясы
Успанова Камилла - құқық және тәртіп фракциясы
⁠Мұрат Алия - қамқорлық фракциясы
Мақсатқызы Іңкәр - ақпарат фракциясы
⁠Темірхан Іңкәр - экология және еңбек фракциясы
⁠Утеулина Іңкәр - өзін өзі тану фракциясы
Махмудқызы Қымбат - мәдениет және өнер фракциясы
Илияс Гүлзат – дебат қозғалысының фракциясы
⁠Сейтхан Аяна - қыздар клубының жетекшісі
⁠Темірбек Аян - ұлдар клубының жетекшісі  сайланды.