Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде жоғары сынып оқушыларына арналған ғаламтордағы қауіпсіздік, діни экстремизм және деструктивті діни ағымдардың алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, күмәнді ақпарат көздерінен сақтануға үйрету, сондай-ақ радикалды және теріс діни ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы жан-жақты мәлімет беру.

Кездесу барысында оқушыларға интернет желісін пайдалану кезінде жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау, ақпаратты сыни тұрғыда қабылдау және күмәнді дереккөздерден аулақ болу жолдары түсіндірілді. Тақырыпты тереңірек ашу мақсатында танымдық бейнематериалдар көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы мазмұны кеңейтілді. Бұл өз кезегінде оқушылардың ой-пікірін қалыптастырып, тақырыпты жан-жақты түсінуіне ықпал етті.

Іс-шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, пайдалы ақпарат ұсынылды.