Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде
9 қазан күні 3-сыныптар арасында "Экологиялық патруль" атты білім сайысы өткізілді.

Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың табиғат құбылыстары мен тылсым күштері туралы танымдық қабілеттерін жетілдіру, жаратылыстану пәніне деген қызығушылығын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны аялауға үйрету және экологиялық тәрбие беру.

 Сайыс 2 кезең бойынша жүргізілді:
1-кезең - «Табиғаттан сұрақ, бізден жауап»
2-кезең - «Қоқыстарды қайта өңдеу - экологияның кілті»
Сайысқа барлығы 17 сынып қатысты. Барлық кезең бойынша ұпай саны есептеліп, нәтижесінде төмендегідей жүлдегерлер анықталды:
Бас жүлде: 3 “В” сынып оқушысы - Бахтиров Арнұр
1-орын: 3 “А” сынып оқушысы - Мәжит Сағадат
1-орын: 3 "М" сынып оқушысы - Бүкеев Бексұлтан
2-орын: 3 "Ж" сынып оқушысы - Сәкен Дарын
2-орын: 3 "О" сынып оқушысы - Жетпісбай Аяла
2-орын: 3 “И” сынып оқушысы - Қанағат Алинұр
3-орын: 3 "Б" сынып оқушысы - Хамит Нұрислам
3-орын: 3 "П" сынып оқушысы - Серік Аббас Шах
3-орын: 3 "Е" сынып оқушысы - Құнғазина Қазына
3-орын: 3 "Р" сынып оқушысы - Қанапия Айлүн
Қалған сынып оқушылары сайысқа белсенділікпен қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
Қорытындылай келе, оқушыларымызға білім додасында биік шыңдарды бағындыра берсін демекпіз!
Ұйымдастырушылар: Абзалова Н, Дәужанова Л.