Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ресурстық орталығында ерекше мазмұнды іс-шара болып өтті. Арнайы педагог Қирабай Гүлзат өз тәжірибесімен бөлісіп, «Eduquest» мультимедиялық интерактивті оқу кешенін сабақта тиімді қолдану әдістемесін әріптестеріне таныстырды.
Іс-шараның басты мақсаты – заманауи цифрлық құралдарды оқу үдерісіне енгізудің жолдарын көрсету, мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және сабақ барысында әдістемелік материалдарды тиімді құрастыруға бағыт беру болды.
Кездесу барысында:
Мультимедиялық оқыту кешенінің негізгі мақсаты жан-жақты түсіндірілді;
«Eduquest» кешенінің мүмкіндіктері мен жиынтықтары таныстырылып, оны қолданудың нақты жолдары көрсетілді;
Түзету сабақтарында тиімді пайдалану тәсілдері тәжірибе арқылы ұсынылды.
Қорытындылай келе, бұл іс-шара қатысушыларға жаңа серпін беріп, цифрлық білім беру ресурстарының маңызын терең түсінуге мүмкіндік ашты. Мамандар интерактивті құралдарды орынды қолдану, оларды әдістемелік тұрғыда дұрыс таңдау дағдыларын меңгерді.
Осындай заманауи тәсілдер – білім сапасын арттырып қана қоймай, оқушылардың қызығушылығы мен танымдық белсенділігін күшейтетін тиімді құрал екені тағы бір мәрте дәлелденді.