Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ресурстық орталығының дефектолог маманы Төребеков Нұрсәт Қонысбекұлының ата-анаға кеңесі
Үй жағдайында баланың координациясы мен тепе-теңдігін дамытуға арналған жаттығулар жүйесі
Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, дене координациясы мен тепе-теңдігін сақтау қабілетін дамыту арқылы жалпы моториканы жетілдіру және жүйке жүйесін нығайту.
Координация мен тепе-теңдікті дамытуға арналған қарапайым АФК жаттығулар:
1. “Тепе-теңдік жолы” ойыны
– Еденге жіп немесе сызық сызып, бала сонымен жүріп өтеді.
2. “Тепе-теңдікті сақтау және қозғалысты үйлестіру жаттығулары”
3. “Созылу және қол-аяқ координациясын дамыту жаттығуы”
4. “Баланс үстінде сақинаны дәл тастау арқылы тепе-теңдікті дамыту, қозғалыс дәлдігін және дене үйлесімділігін арттыру”
Жаттығулардың пайдасы:
1. Координация мен тепе-теңдікті дамытады – бала дене қимылдарын үйлестіруді, тепе-теңдікті сақтауды үйренеді.
2. Кеңістікте бағдарлау қабілетін арттырады – алға, артқа, оңға, солға қозғалу бағытын дұрыс ажыратады.
3. Қимыл дәлдігін қалыптастырады – қозғалысты нақты және жүйелі орындауға дағдыланады.
4. Бұлшық ет жүйесін нығайтады – әсіресе аяқ, қол, арқа және кеуде бұлшық еттері белсенді жұмыс істейді.
5. Зейін мен байқағыштықты арттырады – бала нысаналар мен кедергілерге назар аударып, шоғырлануды үйренеді.
6. Қызығушылық пен белсенділікті оятады – жаттығу ойын түрінде болғандықтан, балаға қуаныш пен мотивация береді.
Ата-аналарға кеңес:
• Жаттығуларды күнделікті 10–15 минуттан артық емес уақытпен, көңілді ойын түрінде өткізіңіз;
• Баланы мақтап, жетістігін атап өтіңіз;
• Қиындық туса, баланы асықтырмай, жаттығуды қарапайым қимылдардан бастаңыз;
• Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз (жұмсақ төсеніш, кеңістік бос болуы керек).
Координация мен тепе-теңдік жаттығулары баланың денсаулығын нығайтып қана қоймай, өз-өзіне сенімділігін, зейінін және қимыл дәлдігін арттырады. Ең бастысы – жаттығуларды жүйелі түрде, қызықты ойын түрінде өткізу.