Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 2026 жылдың 13 мамыр күні 8–10 сынып оқушылары арасында «Түнгі қаладағы балалар» тақырыбында профилактикалық жиналыс өткізілді.
Жиналысқа ҚПБ ҚҚб ЮПб УПИ-ры полиция аға лейтенанты Б. Жубатов, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Киымов және 8–10 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң алдындағы жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Полиция қызметкері Б. Жубатов Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері жөнінде ақпарат беріп, 2026 жылдың 12–14 мамыр аралығында өткізіліп жатқан «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасының мақсатына тоқталды.
Жиналыста кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүруіне байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабында қарастырылған жауапкершілік түрлері түсіндірілді. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беру, құқықбұзушылықтың салдарын түсіндіру және қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде нақты мысалдар келтіріліп, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.
Жиналыс соңында құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстарын жүйелі жүргізу, сынып сағаттарын тұрақты өткізу, ата-аналармен бірлескен түсіндіру жұмыстарын күшейту және құқық қорғау органдарымен кездесулер ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.