Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі облыстық білім басқармасының 2025 жылдың №30 - 202/3224 санды хатына сәйкес, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстылықты алдын алу мақсатында 2025 жылдың 28 ақпан - 1 наурыз күндері аралығында «Жасөспірім» атты жедел профилактикалық іс - шарасы өкізілді.
Осыған орай, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдерге бала тәрбиесіне қатысты мамандармен бірлесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, түнгі мезгілде орын алатын қылмыстарды алдын алу үшін рейдтерге шығу Т. Есетов атындағы №264 мектеп - лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Киымов және АӘТД пәнінің мұғалімі Абдигапбаров пен ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ полиция капитаны А. Саламат рейдке шықты.
Рейд барысында мектеп - лицей аумағындағы мөлтек аудандарды аралап, учаскелік полициямен бірлесе жұмыс атқарылды.
Бала қауіпсіздігі - басты міндет. Осы орайда Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің қызметкерлері оқушыларға қауіпсіз және жайлы орта құруға, сондай - ақ құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі жүрісін шектеу мақсатын үнемі назарда ұстайды.