Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

*Тәрбие жұмысы – тұлға тәрбиесінің негізі*
Білім алушылардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, адалдық пен жауапкершілікке негізделген өмірлік ұстанымдарды дәріптеу мақсатында Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 11 «Д» сыныбында «Адалдық пен тәртіптілік – табысты өмірдің негізі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағаты барысында адалдық, әділдік, еңбекқорлық, тәртіптілік сынды маңызды қасиеттердің қоғамдағы және жеке өмірдегі рөлі жан-жақты талқыланды. Оқушылар арасында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, өмірлік мысалдар арқылы адал еңбектің, заң мен тәртіпті сақтаудың табысқа жетудегі маңызы түсіндірілді.

Сабақ барысында тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап және ойталқы форматындағы тапсырмалар орындалды. Білім алушылар өз ойларын еркін жеткізіп, адал азамат болудың маңызын терең түсінуге мүмкіндік алды.