Тәртіп пен заң - қауіпсіз орта кепілі
Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде құқық бұзушылықтың, буллингтің және тәртіп бұзудың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары өтті.
Шара барысында мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты Б. Жұбатов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Киымов оқушылармен кездесіп, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, мектеп ішіндегі тәртіп ережелері және құқық бұзушылықтың салдары туралы айтты.
Мақсат - әр оқушының заңды түсініп, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауына ықпал ету.
Тәртіп бар жерде - тыныштық, тыныштық бар жерде - білім бар!
Осындай шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттырып, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.