Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қызылорда қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Садыбеков Мақсат Тұрымханұлы, полиция капитаны Кенжебеков Нұрлыбек, сондай-ақ ҚПБ, ҚҚБ, ЮПБ, УПИ қызметкерлері мен полиция аға лейтенанты Б. Жұбатовтың қатысуымен «Әскери жоғары оқу орындарына қалай түсуге болады?» тақырыбында түсіндірме жұмысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жастарға әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібін түсіндіру, әскери қызметтің маңызын насихаттау және болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру.

Кездесу барысында әскери оқу орындарында курсанттардың 4 жыл мерзімге мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша оқитыны, тегін жатақханамен, ақшалай үлеспен, тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етілетіні айтылды. Әскери жоғары оқу орнына түсу үшін жергілікті әскери басқару органына жүгіну, арнайы тексеруден өту және ҰБТ нәтижелерін ұсыну қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар үздік курсанттарға шетелдік әскери жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігі бар екені атап өтілді.

Іс-шара соңында әскери оқу орнын аяқтаған түлектерге «лейтенант» әскери атағы мен «бакалавр» академиялық дәрежесі берілетіні, бұл тұрақты қызмет пен әлеуметтік кепілдіктерге жол ашатыны жеткізілді.