Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы #264 мектеп-лицейінде «Республика күні»  мерекесіне орай 8-сынып оқушылары арасында  «Тәуелсіз  Қазақстан — Ұлы дала елі»  тақырыбында  сурет көрмесі өткізілді. 
Көрменің мақсаты мен міндеттері
Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін арттыру;
Сыр өңірінің табиғи байлығын, тарихи-мәдени мұрасын және көрікті орындарын таныту;
Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен фотосурет түсіруге қызығушылығын дамыту;
Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін насихаттау.
Әр сынып жеке немесе топ болып фотосуреттер ұсынып, туған елін өз көзқарастарымен бейнеледі.
Отан – әр адамның жүрегіне жақын ең қымбат ұғым. Отанға деген сүйіспеншілік туған жерді құрметтеуден, ана тілімізді ардақтаудан және тарихын танудан басталады. Тарихын таныған ұрпақ қана болашағын нық қадаммен қалыптастырады. Көрмеге қатысқан оқушылардың жұмыстары әділқазыларға  таныстырылды. Үздік жұмыстар   марапатталды.