Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында айқындалған ұлттық құндылықтарды білім беру саласының мамандары мен білім алушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Тәуелсіздік дарыны» атты республикалық өнер байқауы ұйымдастырылды.
Аталған байқауға мектеп-лицейіміздің 4 «С» сынып оқушысы Ақтай Заңғар қатысып, жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі - музыка пәні мұғалімі Манат Әбілқасымқызы.
Ұстазы мен шәкіртін мектеп ұжымы атынан шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!