Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәуелсіздік пен Республика – егемен елдің қос тірегі

Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Шараның мақсаты – оқушыларды ел тарихына құрметпен қарап, патриоттық сезімін оятып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Іс-шара барысында оқушылар еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы мағыналы сөздер айтып, өздерінің отансүйгіштік сезімдерін өлең жолдары және музыкалық нөмірлер арқылы жеткізді. Кештің шымылдығы Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, әсерлі көріністер мен патриоттық әндермен жалғасты.

Сонымен қатар, мектеп парламентінің жаңа құрамы таныстырылып, мектеп президенті салтанатты түрде ұлықталды.
Мерекелік кеш соңында «Атамекен» әні шырқалып, қатысушыларға ерекше рух пен мақтаныш сезімін сыйлады.