Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейiнің ресурстық орталық маманы (педагог-ассистент) Куанбаева Майра "Тәуелсіздік - тұғырым” тақырыбында кіші топтық жұмыс жүргізді.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін сүюге, тарихын білуге, қастерлеуге үйрету. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
🇰🇿Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үйрету.
Топтық жұмыстың барысы.
1. Сәлемдесу.
2. Оқушының көңiл күйiн сұрау.
3. Жаңа сабаққа назарын аудару, түсiндiру, көрсету.
Жаңа сабақ.
1. Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды.
Мемлекеттік туымыздың суретін салу, бояу.
Туымыздың бейнесін қима қағаздар арқылы бейнелеу, элементтерін жабыстыру. Бұл тапсырмада оқушылардың қол-саусақ моторикасы дамиды.
”Wordwall” платформасы арқылы сәйкестендіру ойынын ойнау. Бұл ойында еліміздің мемлекеттік рәміздері, ҚР Президенті, Астана қаласы, ЭКСПО, Бәйтерек монументі, ҚР картасының суреттері берілген. Бұл ойын оқушылардың сөздік қоры мен байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға бағытталған. Бұл ойын арқылы оқушының қиялы мен шығармашылық қабілеті дамиды.
Оқушылар топпен жұмыс жасап, бір-біріне қолдау көрсете білді.
{gallery}/is4/52{gallery}