Т. Есетов атындағы #264 мектеп - лицейдің
10 "Б" сыныбында "ҚР Тәуелсіздік күніне" орай "Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға Тәуелсіздіктің маңыздылығын түсіндіру, Тәуелсіздіктің символы саналатын монументтерді таныту, еліміздің жетістіктерін насихаттау арқылы патриоттық сезім қалыптастыру.
Тәрбие сағатын сынып жетекшісі Г. Байдилдаева жүргізді. Сабаққа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Қиымов оң пікірін білдірді. Сынып оқушылары Flippity платформасымен 3 топқа біріктірілді. Тәуелсіздік тарихына шолу жасала отырып, топ оқушыларына Wordwool платформасы арқылы тарихи сұрақтар қойылды. Lumio платформасында жекелеген сұрақтар қойылып, білім деңгейлері сыналды. Classcreen арқылы сабаққа кері байланыс орнатып, өз әсерлерімен бөлісті.