Тәкей Есетов атындағы
№264 мектеп - лицейінің ресурстық орталығының арнайы маманы Төребеков Нұрсәт Қонысбекұлы “Көбейту кестесі” тақырыбында ерекше білім алу қажеттілігі бар оқушыға жеке түзете - дамыту сабағы өткізілді.
Мақсаты: Көбейту кестесін қолдану және білуге жағдай жасау. Электронды платформамен жұмыс істеуді үйренеді.
Түзете - дамыту жұмысының барысы:
1) Сәлемдесу
2) Оқушының көңіл - күйін сұрап,көтеріңкі көңіл - күймен бастау
3) Жаңа сабақты түсіндіру, оқушының назарын аудару
Жаңа сабақ
1) Электронды “TOY THEATER” платформасымен жұмыс жасалды.
2) “TOY THEATER” платформасындағы тапсырмаларды орындау арқылы көбейту жұмыстары жүргізілді
Нәтижесінде:
- Есептеу дағдыларын, логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын жетілдіріп, қол - саусақ моторикасы дамиды. Оқушы тапсырмаларды белгілі уақыт ішінде орындау арқылы шапшаңдық пен ұқыптылыққа, сонымен қатар көз кординациясын жүйелей отырып, кеңістікті бағдарлай алуды да сабақ процесінде меңгерді.